ЖаңалықтарҚала тіршілігі

СУ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

Астана қаласы әкімінің орынбаса­ры Василий Кры­лов пен Жапония Сыртқы істер вице-министрі Хамада Кадзуюки «Аста­на қаласын сумен және кәрізбен қамтамасыз ету» жобасының ныса­нына барды.

 Бұл Жапония мен Қазақстанның бірлескен бюджеті есебінен жүзеге асырылған нысан болып есептеледі.

Жоба аясында сумен қамтамасыз ету, су бұру жүйелерін жөндеу, сондай-ақ, шектеулі су ресурстарын тиімді пайдалану жұмыстары жүйелі атқарылатын болады.

«Біз осы жобаны іске асыру арқылы елорда тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етуге қол жеткізіп отырмыз. Жаңа жабдықтарды пайдалану нәтижесінде ауыз су сапасы айтарлықтай жақсарды. Су, электр энергиясын пайдала­нуда шығындар да біршама азайды», – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Шынар ДОСАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button