Құқық

Судьяларға алғыс айтты

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов пен Астана қаласы сотының төрағасы Тлектес Бәрпібаевтың атына  «International Law Company» халықаралық құқықтық компаниясының директоры  К.Еспенбетовадан алғыс хат келіп түсті.

Хатта ол жеке тұлғалардан банктік шарт бойынша заем шартын ішінара жарамсыз деп тану және ұсталған қарыздарды қайтару жөнінде өтініштердің көп түсетіндігін, әрі осы екінші деңгейлі банктердегі несиелерге қатысты сотта қаралған істер бойынша өзінің алғысын білдірген.

К.Еспенбетова хатта Есіл аудандық сотының төрағасы Руслан Бақытжанұлына, судья Айгүл Дүйсенбекқызына азаматтық істерді созбалаңға салмай, жан-жақты қарағаны үшін өзінің ризашылығын білдірген. Ол істі қарау барысында судьялардың тараптардың құқықтарын түсіндіре келе,  олардың өзара қарым-қатынасты бұзбайтын, ортақ ымыраға келтіре білгендігін тілге тиек етеді.

Сондай-ақ, судьялардың біліктілігінің  нәтижесінде талапкер А.Калиеваның жауапкер «Еуразиялық банк» АҚ-ға қатысты азаматтық іс бойынша дау медиация тәртібімен шешілген. Ортақ келісім негізінде талапкер аз уақытта төленген қаражат сомасын банктен қайтарып алу мүмкіндігіне ие болғандығы айтылады.

Ботагөз БАЯНОВА,
Астана қалалық соты
баспасөз қызметінің жетекшісі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button