Қала тіршілігі

Судың қаупі сейілді

Өткен сенбіде Астанада қалың нөсер жауып, көптеген көшелерді су басып қалды. Дәл сол күні қалалық коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы көшелер мен жолдардағы суды сору жұмыстарымен айналысты. 

су25

Дәлірек айтқанда, бас қаладағы аталған жұмыстарға 70-тен астам техника тартылды. Соның ішінде Алматы ауданынан – 26, Сарыарқа ауданынан – 17, Есіл ауданынан – 29 машина бөлінген.
Табиғаттың тосын мінезі тек қана елордада ғана емес, еліміздің басқа аймақтарында да орын алған. Айталық, Қостанайдың Ресеймен шекаралас аудандарында мұзды бұршақ жауып, көлік жүргізушілер жол бойындағы қозғалысты тоқтатуға мәжбүр болған. Ал Ресейдің кейбір өлкесінде кәдімгідей қар жауған.
Расында, Қазгидромет қызмет­керлері «маусым айының басында еліміздің басым бөлігінде ат­мосфералық фронтальды бө­лік­­тердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді» деп айтқан еді. Сол айна-қатесіз келді. Синоп­тиктердің болжамынша, 7 маусымда күндіз +25…+27°С ыстық, түнде +13…+15°С жылы болмақ. Сондай-ақ, күн ала бұлттанып, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button