Жаңалықтар

СҰРАНЫСТАҒЫ МАМАНДЫҚТАР СҰРЫПТАЛАДЫ

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы 2013 жылдан бастап «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында барлық жұмыс берушілерден оларға қажетті әрі өздері болашақта жұмыспен қамтамасыз ететін мамандық бойынша кәсіпке даярлауға өтінім қабылдай бастайды.

Мекемелер кәсіптік оқыту қай жерде өтетінін өз алдына дербес анықтай алады. Ал үміткер оқуын толық аяқтаған соң Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушіге оның оқуына кеткен шығынның 70 пайызына дейін өтейді. Сондай-ақ, 2013 жылдан бастап бағдарлама аясында жұмыспен қамтылған қызметкерлерін қайта даярлау немесе біліктілікті арттыруды ұйымдастыруға мүмкіндік туады. Бұдан өзге жұмыс берушілер жоғары және орта оқу орындары түлектеріне мақсатты топтар мен жастар тәжірибесі үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатыса алады. Бұл жұмыс мемлекет есебінен жұмыс берушінің шығынын өтемақы ретінде қаржыландырады.

2013 жылғы бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер 2012 жылдың төртінші тоқсанында Жұмыспен қамту орталығына хабарласуы қажет. Барлық сұрақтар бойынша Брусиловский көшесі, 17/3 мекен-жайы бойынша 57-88-88, 57-88-87, 57-87-42, 57-89-42 телефондарына және cz@astana.kz электронды поштасына хабарласуға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button