Президент пәрмені

ТАБЫС КІЛТІ – ТИІМДІЛІКТЕ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы болашағымызды бағдарлап, ұста­нымымызды айқындап берді.

Осы жолдауда белгіленген басты бағыт­тардың бірі – кәсіпкерлікті – ұлттық эко­но­миканың жетекші күшін жан-жақты қолдау. Бұны жүзеге асы­рудың бір жолы стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беру, яғни жекешелендіру қажеттігін, бұл – отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам екені атап көрсетілді.

Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті елордада ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшесі бола тұра, басты тапсырмалардың және бақылау-қадағалау функцияларының бірі – мемлекеттік заңды тұлғалардың мем­лекеттік мүлікті мақсатқа сай және тиімді пайдалануын қамтамасыз етуді іске асыруда. Бұл орайда Департамент мемлекеттік басқару органдары – министрліктер мен оларға қарасты ұйымдармен бірлесіп, әр­дайым республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, оларға жүктелген басқару қызметін атқаруға арналған активтерді пайдалануы туралы мониторинг жүргізіп отырады.

Нәтижесінде пайдаланылмайтын үй-жай, құрал-жабдықтар есепке алынып, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жалға және сенімгерлік басқаруға беріледі. Бұл, біріншіден, олардың, әсіресе жеке кәсіпкерлердің кәсіптерін дамытуына, сондай-ақ өз істерін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге аяқтан тұруына көп көмегін тигізсе, екіншіден, республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді арттыруға мүмкіндік беруде.

Өткен жылы осы мақсаттарда респуб­ликалық мемлекеттік заңды тұлға­лардың қолданылмайтын артық үй-жайларын және мүліктерін жалға беру арқылы рес­пуб­ликалық бюджетке 600 миллион теңге шамасында салықтық емес түсімдер түссе, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында түскен түсімдер 117 миллион теңгені құрады. Жалға және сенімгерлік басқаруға берілген нысандардың жалпы саны 333-ке жетті. Жалға алушылар асхана, шаштараз, дәмхана, газет-журнал және кітап дүңгіршектері, темір жол және авиа-билеттер кассалары, дүкендер, шеберханалар, тағы басқа кәсіптерін ұйымдастырған. Осы шаралар республикалық бюджетке қосымша салықтық емес төлемдердің түсуін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, жалға алушылар ұйымдастырған жұмыс орындарының арқасында халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздықты азайтуға әсерін тигізуде.

Елбасы жолдауында әлеуметтік мәсе­лелерге айрықша тоқталып, 2020 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100 пайыз қамтуға қол жеткізу міндетін қойды. Астана халқының күн сайын еселеп өсуіне байланысты бұл мәселе әсіресе елорда жұртшылығы үшін өзекті мәселеге айналып отырғаны баршаға мәлім. Бұл тапсырманы орындау мақсатында қазіргі күні Департамент мамандарымен 2011 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №335 қаулысына сәйкес Астана қаласының аумағындағы 100-ге жуық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жедел басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы жылжымайтын мүлік нысандарына тексеру жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша анықталған артық немесе қолданылмайтын үй-жайларды балабақшалар мен шағын орталықтар ашуға және жекшелендіруге беру көзделуде.

Елбасы Жолдауында үнемі жоғары мән беретін мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға, яғни азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге ерекше назарды аудару қажеттігін Департамент ұдайы назарда ұстайды.

С. ҚАБДУАЛИЕВ,
Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button