Қала тіршілігі

Талап – қатты, міндет – нақты

Кеше қалалық мәслихатта Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Жиынды ашқан кеңес төрағасы Сансызбай Есілов жиналғандарды күн тәртібінде қаралатын әкімдіктің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларымен таныстырды.

013

Ең алдымен Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Нұрашева «Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы шеші­міне толықтырулар енгізу туралы» нормативтік-құқықтық акті жобасын таныстырды. Нұрашеваның айтуын­ша, Астана қаласында Бехтерев ауруы өзекті болып отыр. Әдетте 35-40 жастағы адамдарға тән бұл ауру түрі кейінгі кездері 15-30 жас аралығындағы адмдарда пайда бола бастаған. «Астана қаласында Бехтерев ауруы диагнозымен 18 жастан бастап 149 адам есепке алынған, оның 20 пайызы инфликсимаб, адалимумаб препараттары секілді гендік-инженерлік биологиялық терапияға мұқтаж. Бұл препараттар тегін берілетін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы тізімінде жоқ. Сондай-ақ, Астанада жыл басынан бері 9 балаға «муковисцидоз» диагнозы қойылды. Олардың төртеуіне 300 мг/5 мл ампуладағы тобрамицин препаратымен қамту туралы ұсыныс енгізілген. Бұл дәрі де тегін дәрі тізімінде жоқ» дейді Сәуле Қуанышқалиқызы. Қоғамдық кеңес мүшелері «Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» туралы Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы шешіміне (инфликсимаб және тобрамицин препаратын қосу туралы) толықтыру енгізу туралы ережесін бірауыздан мақұлдады.
Осыдан кейін Коммуналдық ша­руашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрман Солтамбеков Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, абаттандыру қағидасы туралы ережесімен таныстырды.
«Қағидат ережесі бойынша жеке тұлғалар істен шыққан, құрамында сынабы бар шамдар мен құрылғыларды арнайы контейнерлерге апарып тастауы тиіс. Тұрғындарды міндеттеу үшін ондай контейнерлерді толық орнату керек. Бірақ ондай контейнерлер қала бойынша әлі қойылып біткен жоқ. Мәселен, өз үйімнің айналасынан ондай арнайы орын көрген жоқпын. Алдымен адамдарға жағдай жасап алып барып, содан кейін талап қойған дұрыс шығар. Сонымен қатар, ойын алаңдарындағы құмсалғыштарға қатысты кемшілік бар. Заң бойынша айы­на бір рет ауыстырылуы тиіс. Бірақ іс жүзінде ондай жоқ. Осында тұрғаныма 20 жыл болды, құм ауысқанын көрген жоқпын. Заңда көрсетілген екен, талапты күшейту керек. Болмаса, мүлдем алып тастаңыздар!» деп, қоғамдық кеңес мүшесі Владислав Сергеев өз ұсынысын білдірді.
Тек Сергеев қана емес Солтамбеков ұсынған құжаттан үйлеспейтін тұсы көп екенін айтып нақты сұрақтар қойып жатты.
Қоғамдық кеңесте, сонымен қатар, эскиздік жобалар, мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік қызмет регламенті туралы ережелер қаралды.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button