ЖаңалықтарҚоғам

Елордада рұқсат етілмеген жерде көлік жуғандар айыппұл төледі

Бұзақылық, қоғамдық орында темекі шегу және алкогольді ішімдік ішу, қоқыс тастау секілді ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын орындау аясында Жергілікті полиция қызметі осы айдың басынан бері 2300 адамды әкімшілік жауапқа тартты.

016

 Мәселен, қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкені немесе мас күйде жүргені үшін тамыз айында 467 азамат қолға түсті. Сондай-ақ, ұсақ бұзақылық жасаған 162 кісі, қоғамдық орында темекі шеккен 245 кісі, тыныштық бұзған 470 кісі, абаттандыру ережелерін сақтамаған 900 кісі тіркелді.
Соңғы құқық бұзушылық түрі бо­йын­ша ең жиі қайталанатын фактілердің бірі – көлікті рұқсат етілмеген жерде жуу. Мысалы, биылғы жылдың 9 тамызында Көктал-1 елді мекеніндегі су қоймасының жанында 2 астаналық тұрғын «Geely» және «Kia Picanto» маркалы автокөліктерін жуған. Абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін оларға 20 АЕК, яғни 42420 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласын абаттандыру ережелерінің 76-пунктіне сәйкес, тұрғын үй орам­дарының ішінде, көпшілік тұты­натын жерлерде, су бөлетін мұнаралар түбін­де, су қоймаларында, жұртшылық демалатын орындарда, тұрғын үй подъездерінің алдында көлік жууға, тазалауға және жөндеуге болмайды.
Жалпы, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін елордада жыл басынан бері 15083 әкімшілік протокол толтырылды.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button