ЖаңалықтарҚоғам

ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРНИРІ

erm_4480

Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған блиц бойынша шахмат турнирі өтті. Балалар мен жасөспірімдер арасында өткен доданың салтанатты ашылуына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Халықаралық шахмат федерациясының президенті   Кирсан  Илюмжинов  және шахматтан  әлем  чемпионы,  халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Анатолий Карпов қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған қала басшысы Әсет Исекешев алыстан ат арылтып келген құрметті қонақтарға ризашылығын білдіріп, ме­рейлі күннің қарсаңында ұйым­дастырылған бұл доданың ма­ңызды екенін атап өтті.
– Тәуелсіздіктің тойы кезінде түрлі игі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның ішінде бүгінгі шахмат турнирін де атауға болады. Осындай күні Анатолий Карпов секілді әйгілі гроссмейстердің ортамыздан табылуы жас шахматшыларды жігерлендіріп, жеңіске талпындырады. Арамызда Дәрмен Сәдуақасов, Динара Сәдуақасова сияқты дарынды астаналық шахматшылар отыр. Жақында Динараның елордада шеберлік мектебі ашылды, – деді Астана әкімі.
Анатолий Карпов жинал­ған жұртты Қазақ­стан Тәуел­сіздігінің 25 жылды­ғымен құт­тықтап, осы уақыт ара­лығында бұл елде шахмат­тың жақсы дамығанын, талай гроссмейс­терлер тәрбие­лен­генін, мықты мектептер қалыптасқанын айтып, Астананың елорда болып, алғаш іргетасы қаланған сәттерін есіне алды.
Аталмыш ой жарысына 90-ға жуық бала қатысуға ниет білдірді. Олар жалпы 6 санат бойынша сынға түседі. Думанды дода ретінде өтіп жатқан шараның жеңімпаздарына теледидар, Apple смартфондары мен смартсағаттары сияқты сыйлықтар табысталады.

 Орынбек  ӨТЕМҰРАТ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button