Денсаулық

Төл мереке құтты болсын!

Қаламыздағы №11 емхананың директоры Жаңалық Сағандықов бастаған бірқатар бөлімше меңгерушілері мен медбикелерге мың да бір алғысымды жеткізгім келеді.

[smartslider3 slider=3274]

 

Жағдайымды айтар болсам, 1994 жылы туған қызым Дариға осымен сегізінші жыл миға оттегі жетіспеушілігі дертімен «комада» жатыр. 20 жасында жай іші ауырып бастаған қызым сол кезде 10 минуттық клиникалық өлімді бастан кешіріп, қайта тірілді, бірақ толық қатарға қосылмай, содан бері төсек тартып жатыр. Бұл өзі емі еш жерде жоқ дерт болған соң, екі айдан кейін қызымды дәрігерлер үйге шығарды. Жұмысымды қойып, тек қызымның күтімімен отырмын. Аталған емхана директоры Жаңалық Сағандықов бірден үйге келіп, бар көмегін аямайтынын жеткізді. Күн бе, түн бе, демалыс болса да, қиналғанда телефон соғып, көмек сұраңыз деді. Расында, содан бері сөзінде тұрып, қызымның күтімі мен денсаулығын бақылауға қажет УЗИ жабдықтарын да, медицина қызметкерлерін де жіберіп тұрады. Сонымен қатар бөлімше меңгерушілері Ләззат Балтабекқызы мен Сәуле Балтабайқызына, өз терапевтіміз Диана Бекзатқызына, медбике Дания Серікқызына, әлеуметтік қызметкер Гүлнәр Құмароваға да айтар алғысым шексіз. Осы ақ халатты абзал жандарды төл мерекесімен құттықтап, қызметте табыс, зор денсаулық, бақытты өмір тілеймін.

Ләззат АБЗУЛДИНОВА,

елорда тұрғыны

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button