Тәуелсіздікке 30 жыл

Толағай табыстарға қол жеткіздік

Құрметті қазақстандықтар! Құрметті елорда тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Респубикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

[smartslider3 slider=1442]

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға қол жеткізді. Өнер саласы, соның ішінде театр саласының да табыстары жеткілікті. Тәуелсіздіктің төл құрдасы – Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық­драма театрына да биыл 30 жыл. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, Президентіміз Қасым­Жомарт Тоқаевтың қолдауымен театрымыз мынадай ақ шаңқан ғимаратқа қол жеткізіп отыр. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың асыл мұраты болған тәуелсіздігімізді сақтай білу – біздің басты мақсатымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

Қуандық ҚЫСТЫҚБАЕВ,

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button