Мәдениет

Тұлға туралы туынды

Жақында Астанадағы Ұлттық академиялық ­кітапхана қорына халқымыздың ардақты ұлының бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов туралы кітап тапсырылды. Құрастырған – Гүлсім Оразалықызы.

Екі бөлімнен тұратын кітаптың бірінші бөліміне ұлтжанды азаматтың өзі жазып кеткен өмірбаян деректері мен тіл туралы ғылыми-зерттеу мақалалары және ұлттық салт-дәстүр жайындағы толғаныстары енгізілген. Ал екінші бөлімге Нұртас Оңдасыновтың көзін көрген, кезінде қызметтес болған, өнегесін, тағылымын алған азаматтар мен өзінің жақын туыстарының естеліктері топтастырылған.

Нұртас Оңдасынов кеңестік Қазақстан Үкіметін он үш жыл басқарды. Сол жылдары көптеген оқу орны мен мәдени ошақтардың ашылуына мұрындық болды. Оның тұсында Қыздар педагогикалық институты, Ұлттық консерватория, басқа да білім ошақтары, Абай атындағы Опера және балет театры ашылды. Бүгінгі Ұлттық ғылым академия­сының құрылуына негіз қалап, оның басшылығына Қаныш Сәтбаевты ұсынды. Дінмұхамед Қонаевтың билік басына келуі Нұртас Оңдасыновтың есімімен байланысты. Белгілі мүсінші Хакімжан Наурызбаевтың өнерге келуіне жағдай жасады. Зейнетке шыққаннан кейін «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі», «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі» сияқты еңбектерді жазды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button