Мәдениет

Тұлғаларды таныстырған дәріс

«АЛЖИР» мемориалды мұражай-кешенінің маманы Қайыржан Күзембаев Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №56 мектеп-лицейі оқушылары үшін қос көрме ұйымдастырып, дәріс оқыды. «Халық батыры» аталатын оның алғашқысы 1916 жылғы ұлт-­азаттық көтеріліс басшысы Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған. Ал екіншісі Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орайластырылған «Ұлтының ұлы перзенті» атауын иеленді.

1916 жылы Торғай даласындағы ұлт-­азаттық көтеріліс қалай бұрқ ете қалды? Оған не себеп тудырды? Қ.Күзембаев сол туралы әңгімелеп, Амангелді Имановтың тұлғасына тоқталып, қаһармандық өмір жолы туралы баяндады. Көрмеде материалдар ұсынылды.

Ал Қаныш Сәтбаевқа арналған көрмеде оқушылар Қазақ ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы академиктің, тұңғыш қазақ геологының өмірі және қызметімен танысты. Шара барысында ғалымның ғылыми мұрасы насихатталды.

Бір айта кетерлігі, кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушы-ұстаздары Қаныш Сәтбаевтың рухына тағзым етіп, елордадағы ескерткішіне гүл шоғын қойды. Келесі жылы ғалымның туғанына – 125 жыл. Халықаралық Сәтбаев қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы, сенатор Алтынбек Нухұлының айтуынша, оған дайындық қазірден басталып кетті. Соның бірі – 125 жылдықтың логотипін жасау. Оның бірнеше нұсқасын талантты суретші Алмас Сырғабаев әзірледі. Алмас – Амангелді Имановтың 150 жылдығының да логотипінің авторы. Ал Қаныш Сәтбаев логотипінің таныстырылымын биылғы күзде өткізу жоспарланған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button