ДенсаулықЖаңалықтар

Тұмауға қарсы тұрыңыз

Күздің қара суығы келгенде, тұмау инфекцияларына шалдыққан адамдар саны көбейе түседі. Сондықтан одан қорғанудың ең тиімді жолы оған қарсы екпе жасату болып отыр. Екпе жасатуға, әсіресе,  қазан және қараша айлары қолайлы мерзім саналады.

photo_12187

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бо­йынша қазіргі вакциналар өте тиімді әрі қауіпсіздігі де жоғары саналады. Ол алты айдан асқан балалар мен ересектер арасында тұмаудың алдын алуға бағытталған. Иммунитетті күшейтуге 2 күннен 7-15 күнге дейін уақыт қажет және ол 6 айдан 12 айға дейін сақталады. Вакциналау тұмауға жатпайтын басқа вирустық инфекцияға қарсы қорғауды қамтамасыз етпейді, бірақ вакцинация аурудың өте жеңіл түрде өтуіне көмектескенімен, оның асқынуына жол бермейді.

Тұмауға қарсы вакциналау екпенің Ұлттық күнтізбесіне жатпайды, оны ақылы екпе жасау пункттерінде салғызуға болады. Дәлірек айтқанда, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10 қалалық емханаларда, сонымен бірге, «Интертич» ОДА (Кенесары, 1), «Медлайн» МО (Күмісбеков көшесі, 8), «Медикер» МО (Қабанбай батыр даңғылы, 17), «Ореn Clinik» МО (Отырар көшесі, 8/2), «Фармаком» ҚФК ЖШС (Майлин көшесі, 15), «Интертич Астана Медициналық Ассистанс» МО (Мәскеу көшесі, 38 А), «Медикал Ассистанс групп» ЖШС (Сығанақ көшесі, 21/1), «Архимедес Қазақстан» ЖШС (Сарайшық көшесі, 5).

Сөз арасында айтып өтейік, биыл Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтың әлеу­меттік қорғалмаған топтарына екпе жасау үшін тұмауға қарсы «Гриппол» вакци­насының 15055 мөлшері сатып алынды. Ол Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, Мүге­дектер үйіндегі адамдар мен соғыс ардагерлеріне, сондай-ақ «тәуекел топқа» жататын балаларға, екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдерге салынады.

Азамат Есенжол

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button