Жаңалықтар

ТҮНДЕ ҚАҢҒЫП, КҮНДІЗ ҚАЛҒИДЫ

325967c0ce5591d828fcefba480

Астанада кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» шарасы өтті. Нәтижесінде 32 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүруіне жол бермеу, олардың қатысуымен болатын қылмыстың алдын алуды көздеген шара барысында ювенальді полиция 35 ойын-сауық орыны, 10 дәмхана, 23 компьютерлік клуб пен интернет-кафені шолып шықты. Тек­серу барысында балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарына кіруіне мүмкіндік бергені үшін 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түрлі құқықбұзушылық бойынша 27 жасөспірім аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген. Кәмелетке толмаған 8 бала тір­кеуге алынса, олардың төртеуі жағдайы төмен отбасының балалары екені анықталды.
Жалпы, жыл басынан бері балаларын түнгі уақытта қарау­сыз қалдырған немесе ойын-сауық орындарына баруына жол берген 400 ата-ана жауапкершілікке тартылған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button