Мәдениет

Түркістаннан жеткен тарих

Астанадағы Ұлттық музейде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Қожа Аxмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырған «Ұлы Дала тарихы» атты сурет көрмесі ашылды.

Фото: nationalmuseum.kz
Фото: nationalmuseum.kz

Игі шараның мақсаты – Ұлы Даланың тарихи оқиғалары мен ел тағдырындағы орны бар тұл­ғаларды көркемдеп, жастарды отансүйгіштікке баулып, олардың жаңа тарихи көзқарастарын қалып­тастыруды көздеген.
Көрмеге Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универ­ситетінің оқытушылары мен магистранттары жасаған 40 туынды қойылды. Ол «Ұлы Даланың ұлы тұлғалары» және «Ұлы Даланың ұлы оқиғалары мен құбылыстары» деген екі бөлімнен құралған. Кар­тиналардың тақырыптары да мұқият таңдалған.
Әсіресе, «Ботай елді мекені», «Қазақ даласындағы аң аулау өне­рінен көрініс», «Сақ бас­шысы – Алтын адамды жерлеу рәсімі», «Отырар моншасы», «Тайқазан», «Отырар кітап­ханасы», «Қожа Ахмет Ясауи кесе­несінің құры­лысы» секілді туын­дылардан бір замандардағы асыл бабала­ры­м­ыздың қолдарынан шыққан мәдени ескерткіштерден өркениетті елдің үлгісін көргендей болдық. Сондай-ақ, елі мен жері үшін алтын басын бәйгеге тігіп, туған елдің іргесін бекемдеген тұғыры биік тұлғалар­дың портреттері де көрген жанды қызықтырмай қоймайды. Қысқасы, аталған шарадан Ұлы Даланың тарихын терең тани аласыз.
Көрме 25 қыркүйекке дейін жал­ғасады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button