Қоғам

Ұлт жоспарын ұлықтады

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл мен Астана қаласы мәслихатының депутаты Асхат Оралов Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде елордалық жастармен кездесті.

deputat1

Жиында Елбасы ұсынған бес инс­титуционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам туралы тереңірек айтылды. Елордалық мәслихаттың депутаты Асхат Оралов осы мақсатта кеңірек сөз қозғады. Оның жастар үшін алар орны ерек екендігін баяндады.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл да «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуының нәтижелері туралы парасатты ой өрбітті. «Жастар – біздің болашағымыз, сондықтан да сіздердің пікірлеріңіз бізге маңызды. Әр кездескен сайын жалындап тұрған жастарды көріп, сүйсініп жүремін. Жастардың бастауымен істеліп жатқан жобаларды қолдаймын. Сондықтан сіздердің озық ойларыңыз бен жақсы пікірлеріңізді білгіміз келеді» деп өз сөзін түйіндеп өтті ол.

Шараға қатысып отырған жастар да Елбасы ұсынған бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам туралы өздерінің ойларын білдіріп, үлкен қолдау көрсетті.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button