ЖаңалықтарМәдениет

ҰЛТТЫҚ САБАНТОЙДЫ ҰЛЫҚТАЙДЫ

6f98185bd556503c4986adab817

Елордада 19-21 қыркүйек күндері Татарстан Республикасының Астанадағы күндері өтеді. Осыған орай, Қазақстан астанасына ресми тұлғалар, іскерлік және білім беру салаларының өкілдері бастаған делегациясы келеді деп хабарлайды Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Сапар барысында қонақтар қаланың өндіріс орындарын аралап, бизнес-форум жұмысына қатысады. Сондай-ақ, Қазақстанның татар диаспорасы өкілдерімен кездеседі.

Бұған қоса, Бейбітшілік және келісім сарайында Татарстан өнер шеберлерінің гала-концерті,  фотокөрме және ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Бұл күндері Астанада татарлардың ұлттық мейрамы Сабантой тойланып, шара барысында Татарстанның өндірістік және ауылшаруашылық әлеуетін көрсететін көрмелер ұйымдастырылады. Сабантой кезінде күрестен ауыр салмақта Қазақстан чемпионаты, сондай-ақ, Қазақстан мен Татарстан командалары арасындағы матчтық кездесу өтеді. Жауыры жерге тимеген жеңімпаз балуан жеңіл көлікке ие болады. Той барысында бұдан басқа, халықтық ойындардың 13 түрінен жарыстар өткізіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button