Қала мен Сала

Ұшақтар кешігіп жатыр

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыс штаттық режимде жүріп тұр, дегенмен кейбір әуе рейстері кешігуде.

«Қазір қонуы тиіс 10 рейс, ал ұшып кетуі тиіс 18 рейс кешігіп жатыр. Оған себеп ауа райының қолайсыздығы» дейді елорда әуежайынан.

Сондай-ақ әуежайдың ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмысы үздіксіз жүргізілуде.

«Жолаушылардан абай болуды, сондай-ақ өзекті ақпаратты авиакомпаниялар мен әуежайдың анықтама бөлімінен білуді сұраймыз» делінген хабарламада.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button