Жаңалықтар

Ұстаздық еткен жалықпас…

Мұғалім – мұхит тұңғиығындай терең білімді адам. Оның білігі мен білімі тайызда емес, тереңде. Ана да, дана да, ақын да, хакім де – бәрі-бәрі сол ұстаздан тәлім алады.Сондықтан ұстаздық бар мамандықтан биік.

[smartslider3 slider=687]

Біз ұстаздар әулетіміз. Ахмет Байтұрсынұлына немере туыс болып келеміз. Үлкен атамыз Тұрғынбек Жалбырұлы Ақкөлдегі мешітте алғашқы болып ауыл балаларын арабша хат танытты. Әулетімізде 7 қыз бар. Соның алтауы – мұғалім. Елордада қызым екеуміз бастауыш сынып мұғалімі болып қыз­мет етеміз. Күйеу балам мен жиенім де ұстаз, ағылшын тілінен сабақ береді. Осы мамандықты таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін, шәкірттерімнің ерекше тұлға болып қалыптасуы – менің мақсатым.
Меруерт КАБИЕВА,
бастауыш сынып мұғалімі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button