Қала тіршілігіМәдениет

Запашный – Астанада

Астанаға белгілі аң үйретуші, Ресей халық әртісі Мстислав Запашный «Орыстың ұлы циркі» атты бағдарламасымен келді. Жыртқыш аңдардың қатысуымен өтетін гастрольдік спектакльдер әр демалыс күндері 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Гастрольдер барысында цирк өнерінің түрлі жанрлары, атап айтсақ, акробатикалық трюктер, әуе гимнасттары, жонглерлар, сайқымазақтар, бұған қоса, аюлардың, сирек кездесетін жылқы тұқымдастарының, иттердің қатысуымен номерлер көрсетіледі. Бағдарламадағы ең қызықты номер – бенгал және уссуриялық жолбарыстар қатысатын аттракцион.
Мстислав Запашныймен бірге 50 әртіс келіп, 13 жолбарыс, 4 аю, 18 ит, 3 жылқы әкелінген. Бағдарламаға балет пен лазерлік шоу енгізілген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button