Қала мен Сала

Зейнетақы мен еңбекақы уақытылы төленуде

Төтенше жағдайға қарамастан, мемлекет өзінің ел алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толық орындайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін орындаушы Серік Шәпкенов осылай деді.

[smartslider3 slider=1738]

«Зейнетақы мен еңбекақы уақытылы төленіп жатыр. Қазірдің өзінде 174 млрд теңге тұрғындардың есепшотына аударылған. Төртінші тоқсанда төленуі тиіс атаулы әлеуметтік көмек төтенше жағдайды ескере отырып, атаулы көмекті автоматты түрде 1-тоқсанға ауысты. Азаматтардың қандай да бір мемлекеттік органға барудың қажеті жоқ» дейді Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар 2021 жылдың 4-тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған азаматтарға төлемдер төтенше жағдай режимінің қолданылуына байланысты ағымдағы жылдың 1-тоқсанына автоматты түрде ұзартылатын болады, бұл шара 88 мың отбасын немесе 432 мың адамды қамтиды. Қайта куәландыру мерзімі басталатын мүгедектігі бар адамдарға бұрын белгіленген тобы бойынша мүгедектік төтенше жағдай режимінің қолданылу уақытына ұзартылатын болады. Бұл шара 2700 адамды қамтиды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button