Жаңалықтар

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ФЛЕШМОБ БИЛЕДІ

Елордалық ата-әжелер «Қарттар күнін» көңілді флеш-моб билеуден бастады. «Жастар» сарайында өткен мерекелік шараға қаланың 300-ге жуық зейнеткері қатысты.

«Ардагерлер салауатты өмір салтын қолдайды» тақырыбындағы флешмоб қимылдарын қариялармен бірге оқушылар мен студент жастар бірге жасады. Бұл шараға ұйытқы болған қалалық Ардагерлер кеңесі мен, Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының Ардагерлер кеңесі. Сонымен бірге Қарттар күніндегі спорттық шараға Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Денешынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсеткен.

«Өскелең ұрпаққа үлгі болу мақсатында игі шараны екінші жыл қатарынан өткізіп келеміз. Спортпен шұғылдануға ешқашан  кеш емес. Ардагерлеріміздің зерігіп, бос отыратын уақыты да жоқ. Шахмат ойнайды, қыста шаңғымен жарысады, арамызда спорт шеберлері де баршылық. Жастайынан салауатты өмірге бейім болса, қартайғанда да белсенді қалпында сергек жүрмек» дейді Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Есболат Дүйсенов.

Шынымен де жастарға секілді жасамыстарға да денешынықтыру таңсық емес. Құрбы-құрдас екі-үш әжені сөзге тартқанымызда олар бізге фитнеске баратындықтарын айтты. «Бүгінгі флеш-моб жалғасын табуы тиіс жақсы бастама. Замандастарымыздың арасында қартайғанда жүгіріп, жаттығу жасауға ұялып, не болмаса бір жерімді ауыртып алам деп қорқатындар бар. Енді сол көзқарастары өзгерген шығар. Бұл бір серігу ғой. Оны енді күнделікті әдетке айналдыру керек. Мәселен өзімнің фитнеске қатысып жүргеніме биыл міне үш жыл» дейді өзін Нина Ивановна деп таныстырған сүйкімді әжей.

Атап өтейік, Қарттар күніндегі мерекелік бағдарламалар бүгін Астанада күні бойы жалғасады.

           Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button