Жаңалықтар

ҚҰРМЕТ ТҰҒЫРЫНДА – ҚҰТҚАРУШЫЛАР

Кеше елордада Құтқарушылар күніне орай «Қауіпсіздік әр үйге» ұранымен марафон ұйымдастырылды. Шараға қатысушылардың жауынды күн райына қарамастан көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Олардың қатарында астаналық ТЖД, «ӨС және АҚЖҚ» ММ, «Өрт сөндіруші» АҚ қызметкерлері бар.

16

Старттағы жүгірушілер де қара­пайым қызметкерлер емес, тәуел­сіздік құрдастары. Отыздан астам қатысушылардың бәрі жүлделі орындарға лайықты. Сонымен қатар, марафон барысында елордалық құтқарушылар өз қызметтерін атқаруда пайдаланатын күш-құралдары қатарындағы арнайы техникалардың көрмесін ұйымдастырды.

Шара барысында елорда тұр­ғын­­дары мен қонақтарына «Жас құтқарушы» клубының оқушылары мен еріктілер өрт қауіпсіздігі ережелері туралы жадынамаларды таратты. Өйткені өрт қауіпсіздігі ережелерін қан­дай жағдайда да қаперден тыс қал­дыруға болмайды, әсіресе, адам көп шоғырланатын орындарда.

Қатысушылар бес шақырым қашықтықты жүгіріп өткенше, ұйымдастырушылар қонақтарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концертпен қуантты. Сөз кезегін алған Астана қаласы Төтенше жағдайлар депар­таменті басшысының міндетін атқа­рушы, азаматтық қорғау пол­ков­нигі М.Қайсанов көпшілікті ел егемендігінің мерейтойымен құттықтап, қатысушыларға сәтті­лік тіледі. Спорттық жарыстың нәти­жесінде В.Мурашкин бірінші орынды жеңіп алса, М.Шахметов екінші орынды еншіледі. Ал үшінші орын­ды З.Оспанов місе тұтты. Қыз­­дар арасында К.Баранник топ жарды.

Асхат РАЙҚҰЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button