Қала тіршілігі

Жаңа шамдар жарқырайды

Бүгінде елордада көше және оралым ішін жарықтандыру жұмыстары белсенді атқарылуда. Бұған дейін қаланың 600 көп қабатты тұрғын үйлердегі ескі шамдарды жаңа үлгідегі шамдармен ауыстыру жүргізілді.

Мәселен, шаһарда жыл басынан бері қосымша 1500 шам орнатылған, оның 700-ден астамы – жарықдиодты шам.
«Астана қалалық жарық» ЖШС дерегі бойынша, жаңа шамдар Оңтүстік-Шығыс ауданына, Заречный, Тельман, Агроқалашық тұрғын үй алаптарына қойылды. Сондай-ақ Атбасар, Иманов, Уәлиханов, Сәтбаев, Күйші Дина, Абылайхан, Қ.Рысқұлбеков, Айнакөл және А.Байтұрсынов көшелеріндегі көп қабатты үйлерге жарық орнатылды. Ал Студенттер саябағындағы ескі бағаналарға қойылған шамдар жаңа жарықдиодты шамдарға ауыс­тырылды.
Сонымен қатар Байқоңыр ауданындағы көшелерге 270 метр кабельді монтаждау жұмыстары жүргізілді. Есіл ауданындағы 116 метр кабель желілері қайта қалпына келтірілді.
Қазіргі күнде Е 16, Ш.Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолы оралымын жарықтандыру жұмыстары істелді. Жыл соңына дейін Байқоңыр ауданындағы 53 көшеге, Сарыарқа ауданына қарасты Желдірме, Бесшатыр көшелеріне және Қоғалы, Маралсай тұйық көшесіне және Шығыс Ильинка тұрғын алабына орнату жоспарланған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button