Мәдениет

ЖАСТАР ШАБЫТЫН ШЫҢДАЙДЫ

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет теа­трында тұңғыш қазақстандық «ЮНЕСКО клубтары шығармашылық Академиясы» қатысушыларының қорытынды гала-концерті өтті.

Выставка 2

Тұңғыш «ЮНЕСКО клуб­­тары шығармашылық Академиясының» студенті атану­ға 12-17 жас аралығындағы 500-ден аса үміткерлер бейнелеу, хореографиялық, аспапты және вокалды өнер номинациялары бойынша өнер көрсеткен. Ақтық сынға өткен 100 жеңімпаз өз жұ­мыстарының қорытындысын елорда тұрғындары мен қа­ла қонақтарына ұсынды. Қорытынды кештегі толған­дыратын және арбап алатын туындылар, әсерлі және жар­қын ырғақтар, әсем билер, көркем суреттер мен мүсін­дер – осының барлығы еліміздің үздік тәлімгерлері мен еңбек сіңір­ген қайраткерлерінің 80 сағаттан астам қажырлы еңбегінің нәти­жесі екендігін атап өткен жөн.
– Байқау жөнінде ести сала қатысуға ниеттеніп, «ЮНЕС­КО клубтары шығармашылық Академиясының» ұйым­дас­ты­рушыларына «Ағайша» атты халық әнін орындап, жұмы­сымды видео арқылы жолдаған едім. Ұсынған әнім ұйымдастырушылардың көңілі­нен шығып, финалдық бай­қауға қатысуға жолдама алдым. Ақтық концертте халық әні «Ақеркені» орындадым. Финалға қатысқан 100 бала бәріміз бір үйдің баласындай болып кеттік. Бұл байқау маған үлкен бір мектеп болды. «Астана Опера» театрының сахнасында өнер көрсетуге мүмкіндік берді» дейді финалдық бәсекеге қатысқан астаналық өнерпаз Баян Жұбанова.
«ЮНЕСКО клубтары шығар­машылық Академиясы» – бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қоры және Қазақ Ұлттық өнер университетімен бірлесіп атқарған бірегей жоба. Жобаның мақсаты – жастарды толеранттық рухта тәрбиелеу мен мемлекеттің болашақ шы­ғар­­машылық әлеуетін қалып­­тастыру мақсатында Қазақ­стан Республикасының шығарма­шыл-дарынды өскелең жастар­ды қолдау мен дамытуға бағыт­талған.
Осы бастама ерекше әлеу­меттік өзгешелікке ие еке­нін және ақысыз негізді ұйым­дастырылғанын атап өтуге болады. Шығармашыл жастардың байқауға қатысу үшін бар болға­ны – Қазақстандағы ЮНЕСКО клубтарының бірінің мүшесі, ілгері дамуға деген дарыны мен ынтасының болуы қажет.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба дәстүрлі түрде өткізіл­мек. Сонымен қатар, жыл сайын бұдан да көп өнер­­лі жастарды тартып, олардың шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік берілмек.

Әли БИТӨРЕ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button