Басты ақпарат

Жастар жылының жетістіктері қандай?

Статистика комитетінің мәліметінше, бүгінде елордада 14 пен 29 жас аралығындағы 245 мың адам тұрады. Оның 82 мыңы – студенттер болса, 126 мыңы – жұмыс істеп, қаланың қарқынды дамуына үлес қосып жүрген жастар. Елбасы тапсырмасымен Жастар жылы болып жарияланған 2019 жылы олардың өмір сүру сапасын арттыруда мемлекет тарапынан бірқатар жұмыс атқарылды.

Алға қойылған міндеттерді тиімді орындау мақсатында жыл басында шаһар әкімдігі «Нұр-Сұлтан жастары – 2019» атты жол картасын әзірледі. Аталған құжатқа сәйкес 11 бағыт бойынша 136 жоба мен 600 іс-шара жоспарланды. Мұның барлығына 2 млрд-тан аса теңге бөлінді. Әлгі іс-шаралардың қатарына жастарға арнал­ған инфрақұрылым, білім беру, жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, кәсіпкерлік пен қаржы­лық сауаттылық, денсаулық сақ­тау, мәдениет, спортпен шұ­ғыл­дану, салауатты өмір салтын ұстану, волонтерлік қызмет, талантты жастарды қолдау және басқа да маңызды салалар кірді.

Жұмыспен қамту қарқынды жүргізілді

«Екі қолға бір күрек» іздеген жастарға бас қалада барынша қолайлы жағдай жасалды. Бұл тұста елордадағы Жұмыспен қамту орталығының рөлі зор екенін айта кету керек. Аталған ұйымның ақпаратына сүйенсек, 2019 жылғы 1 қарашаға дейінгі он ай ішінде 5086 астаналық жас жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды. Олардың басым бөлігі қоғамдық жұмыс пен жастар практикасына жіберілді, сондай-ақ әлеуметтік жұмысқа да тартылды. Ал 16 мен 29 жас аралығындағы 261 адам қысқамерзімді курстарда оқытылды. Шаштараз, бет әрлеуші, тігінші секілді қазіргі таңдағы сұранысқа ие әрі табысы да қомақты мамандық түрлерін игеру арқылы оларға жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылды.
Бұдан бөлек, 1121 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренді. Оның ішінде 516 жас үміткерге жаңа бизнес-жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант берілді. «Жас кәсіпкер» бағыты бойынша білім алғандардың қатарында 220 адам өздерінің жеке кәсіптерін ашуға грант алды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында астаналық 25 жас кәсіпкерге – 75 млн теңге, ал «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 110 млн теңге бөлінді.
Сонымен қатар балалар үйінің түлектеріне, сондай-ақ ерекше қажеттілікті талап ететін жастардың жұмысқа орналасуында да ұсынылып жатқан көмек едәуір. Мысалы, жыл басынан бері балалар үйінің 8 түлегі жұмысқа тұруға өтініш берсе, оның бесеуі жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, үшеуі жұмысқа орналасып, ал екеуі мемлекеттік қызметке жіберілді. Ерекше қажеттілікті талап ететін жастарға келсек, осы санатқа жататын 105 жас әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 11-і – тұрақты жұмысқа, 8-і – әлеуметтік жұмыс орындарына, үшеуі – жастар практикасына, 81-і әлеуметтік жұмысқа тартылды.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығы NEET (Not in Education, Employment or Training, яғни «не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, өзге де істермен айналыспайтын» деген мағынаны береді) жастардың санын азайтуға мүмкіндік бергенін айта кеткен абзал. 2019 жылдың екінші тоқсанындағы нәтижеге сенсек, қаладағы NEET жастардың үлесі 6,8 процентті құрайды. 2018 жылғы жағдаймен салыстырғанда көрсеткіш 0,4 процентке төмендеген.

Баспаналы болу бұйырды

Биыл елордада тұңғыш рет жұмыс істейтін жастар үшін 1050 пәтер бес жылға жалға берілді. Мұның ішіндегі 848-і – ауданы 30-дан 55 шаршы метрге дейінгі бір бөлмелі пәтерлер, қалғаны – екі және үш бөлмелік пәтерлер. Үміткерлерден өтініш қабылдау 5-12 қараша аралығында www.smart.astana.kz порталында электронды түрде жүргізілді. Барлығы 6 304 адамнан құжат қабылданып, 3520-сы байқауға қатысуға жіберілген. Пәтер кілтін алған жастар алдағы қаңтардан бастап қоныс тойын тойлайды. Бес жыл ішінде олардың жаңа пәтер сатып алуға алғашқы жарнаны емін-еркін жинап алуына мүмкіндігі мол.

Қазақстандағы жастар жылы

«Нұр-Сұлтан жастары – 2019» атты жол картасын әзірледі. Аталған құжатқа сәйкес 11 бағыт бойынша 136 жоба мен 600 іс-шара жоспарланды. Мұның барлығына 2 млрд-тан аса теңге бөлінді.

1121 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренді. Оның ішінде 516 жас үміткерге жаңа бизнес-жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант берілді. «Жас кәсіпкер» бағыты бойынша білім алғандардың қатарында 220 адам өздерінің жеке кәсіптерін ашуға грант алды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында астаналық 25 жас кәсіпкерге – 75 млн теңге, ал «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 110 млн теңге бөлінді.

Биыл елордада тұңғыш рет жұмыс істейтін жастар үшін 1050 пәтер бес жылға жалға берілді.

2019 жылғы 1 қарашаға дейінгі он ай ішінде 5086 астаналық жас жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.

Бұған қосымша, қала әкімдігі шаһардың муниципалды қызметінің білікті кадрлық корпусын құру бойынша жұмыс атқаруда. Соның барысында білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ Полиция департаментінің өкілдеріне пәтер сатып алуға
1 млн теңге көлемінде көмек беріледі. Бұл сома ипотекалық
несие рәсімдеуге қажетті ал­ғашқы жарнаның бөлігі ретінде жұмсалады. Осы жылы аталған бағыт бойынша 22 адам баспанаға қол жеткізді.

Денсаулық мәселесі де ескерусіз қалмады

Жастар жылында спорт пен денсаулық салалары да назардан тыс қалған жоқ. Жастардың денсаулығын нығайту мақсатында елордада биыл 87 семинар өткізілді. Онда репродуктивті денсаулықты сақтау, сондай-ақ ерте және қалаусыз жүктіліктің қауіптері, ЖҚТБ/АҚТБ-ның алдын алу жолдары секілді тақырыптарға жастармен ашық әңгіме жүргізілді. Бұдан бөлек, мектеп оқушылары алғашқы медициналық көмек көрсетудің негіздеріне үйретілді.
Қала әкімдігі ұсынған дерек­терге назар салсақ, жастар ара­сын­дағы суицидтің алдын алу аясында төтенше психиатриялық көмек жөніндегі мамандар мектеп оқушыларымен және университет-колледж студенттерімен 50-ден аса дәріс пен дөңгелек үстел өткізді.
Жастарға арналған спорт клуб­­тарын дамыту бойынша да бір­қатар шаруа атқарылды. Соның барысында джиу-джитсу, таэквондо, каратэ секілді бірнеше спорт түрлерінен тегін үйірме­лер іске қосылды. Жалпы бүгінде астанада 719 спорт кешені бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button