Елорда тынысы

Жастарға арналған жоба

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жас жігер» жобасы басталды. Жоба аясында «Жас жігер» қоғамдық бірлестігі жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=3011]

– Негізгі мақсатымыз – жастарға арналған қайтарымсыз гранттар мен тұрғын үйге арналған түрлі бағдарламаларды түсіндіру. Себебі жастарға көп көңіл бөлініп жатыр. Соны жастар білсе деген ниетіміз бар. Жастар осы бағдарламалар арқылы дамып, өз жағдайын жасаса, біз тек қуанамыз. Қаладағы «Ұлжан», «Сәлем», «Көктал» базарларына да барып, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, – деді «Жас жігер» қоғамдық ұйымының мүшесі Бақытбек Архарұлы.

Кәсіпкер Айбын Жасталапов бағдарламалардың ішінде «Бастау бизнес» жобасы өзіне тиімді екенін айтты.

– Бұрын мұндай бағдарламаларға аса бір мән бермейтінмін. Жаңа түсіндірген кезде мүмкіндік көп екенін байқап отырмын. Алдағы уақытта «Бастау бизнес» жобасына грантқа тапсырып көремін. Жалпы басқа бағдарламалардың да тиімді тұстары көп екен, – деді кәсіпкер.

Ұйымдастырушылар базарды аралап, кәсіпкер жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button