Жаңалықтар

Жедел жәрдем жедел жетеді

Елорданың жедел жәрдем автопаркі 52 машинамен толықты, оның 20-сы қазірдің өзінде линияға шықты. Жыл соңына дейін тағы 32 автокөлік қосылмақ.Көліктердің басым бөлігі – шұғыл медициналық көмекке мұқтаж пациенттерді тасымалдау, мониторинг және интенсивті терапия көмегін көрсету мүмкіндігі бар реанимация­лық көліктер.
– Мемлекет басшысы жедел медициналық қызмет көрсету қызметін жаңартуға, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса мән береді. Бұл бағытта белсенді түрде жұмыс жүргізіп келеміз. Адамдар ең алдымен сіздерге – жедел жәрдем қызметіне хабарласады. Сіздерге көп нәрсе байланысты. Сіздер – адам өмірін сақтап қалып, ең басты міндетті атқарып жүрсіздер, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Автокөліктер дефибриляторлармен және жүрек қағысының, сондай-ақ барлық өмірлік маңызды көрсеткіштерді толық мониторингтеу жүйесімен жабдықталған. Бұдан өзге, әр автокөлікте заманауи өкпе вентиляция, оттек баллоны, жасанды қанайналым аппараттары бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button