Жаңалықтар

Жеті жоба мақұлданды

Елордада барлық саланың дамуына айқын басымдық беріліп отыр. Ол нақты бір жоспарға сәйкес жүйеленген. Астана қаласының әкімдігінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өткен жиын барысында тағы жеті жобаның тұсауы кесілді. Оның ішінде кейбір өндіріс орнын ұлғайту мәселесі де қаралды.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков алдағы уақытта электронды билет жүйесін енгізу ісі пысықталып жатқанын атап өтті. Сонымен бірге жаңа автобус әкелуді мерзімінен кешіктірген серіктестік өкіліне сын-ескертпе жасады.
«Асыл Қазына НС» ЖШС темірбетон бұйымдары мен терезелерді әзірлеп шығарады. Алайда, өнім көлемін ұлғайту үшін қаражат қажет. Банк тарапынан несиелеуге кепілдік беріліп, жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік берілді. Ал «LED Solution» ЖШС диодты шамды шығаруға рұқсат алды. Себебі, қазіргі қолданыста жүрген люминесцент шамы адам денсаулығына зиян екен.

Осы үйлестіру кеңесі отырысында бірнеше азаматты серіктестік басшылары жұмысқа алуға уәде берді. Қала мен далаға бірдей ортақ бағдарлама осылайша талайлардың мұқтажын өтеуде.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button