Мәдениет

Жеткіншектер шығарма жазды

Елордадағы Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Сарыарқа ауданы әкімдігі мен Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қолдауымен «Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Тәуелсіздік – алтын діңгегім» атты шығарма жазудан бастауыш сынып оқушылары арасында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Аталған байқауға қала мектептеріндегі оқушылардан 80-ге жуық шығарма келіп түскен. Соның арасынан қазылар алқасы 13 шығарманы іріктеп алды. Мәдени шараға Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен де қатысып, жиналған қауымды ұлы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, сайыста топ жарған оқушыларға алғыс хат тапсырды. Сонымен байқаудың бас жүлдесін азаттық жайында мазмұнды шығарма жазған Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейдің 3 «к» сынып оқушысы ­Нау­рызбай Нұрасыл жеңіп алды. Бірінші орынды Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназияның 3 «г» сынып оқушысы Болат Ғазиз иеленсе, екінші орын – Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияның 3 «д» сынып оқушысы Диана Нұрмағамбетоваға бұйыр­ды. Үшінші орынды №62 мектеп-гимназияның 1 «к» сынып оқушысы Мансұр Галиулин алды. Сондай-ақ байқауға белсене қатысқан бір топ жеткіншекке де алғыс хат пен сыйлық табыс етілді. Іс-шара соңы сазды ән мен күйге ұласты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button