Мәдениет

«Дала даусы» – дәстүрге құрмет

Тәуелсіздік мерекесі кезінде елордадағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында әйгілі хореограф Патрик де Бан сахналаған «Дала дауысы» балетінің әлемдік премьерасы өтті. Либретто авторы – белгілі кинорежиссер, ақын Бақыт Қайырбеков.

«Дала дауысы» балеті – Қазақстан мен шетелдік продюсерлік топтың бірлескен жобасы. Француз хореографының идеясы бойынша жасалған қойылымда дәстүлі би үлгілерінің элементтерінен пайдалана отырып, қазіргі заман қалаларының қайнаған тұрмыс-тіршілігін образды бейнелеп шыққан. Өткенді елестету арқылы болашаққа бағдар сілтейтін шығарманың өн бойында дәстүрге құрмет ету идеясы көрнектіленген.
Қойылымға қазақстандық белгілі дирижер Абзал Мұхитдин мен Жан Франсуа Вазель үлкен үлес қосты.
Патрик де Бан бұған дейін Қытайда, Түркияда, Жапонияда және Бахрейнде ұлттық балет бағытында жұмыс істеген.
Ұлттық би өнерін заманауи балет тілімен өрнектеген халықаралық театр жобасының ресми демеушісі – «Сбербанк»АҚ-тың қазақстандық өкілдігі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button