Елорда тынысы

Жолдар жөнделіп жатыр

Биыл бас қалада 100-ден астам көше салынып, жолдар жөнделеді. Сондай-ақ 140-тан астам көшенің асфальт­бетон жабынын жөндеу жоспарлануда.

[smartslider3 slider=3318]

 

Осылайша Жеңіс даңғылы – Бөгенбай батыр даңғылынан Есенберлин көшесіне дейін; Толстой көшесі бо­йынша – Сембинов көшесінен Күлтөбе көшесіне дейін; Қосшығұлұлы көшесі бойынша – Күмісбеков көшесінен ­2-Алматы көшесіне дейін; №103 көшеден басталатын жол жөнделіп, Жетіген көшесі бойынша – Досмұхамедов көшесінен Алаш тасжолына дейін;

Қошқарбаев даңғылындағы жол өтпесі және жол айрығы – Абылайхан даңғылындағы жол айрығы қайта жөнделеді. Сондай-ақ қаланың шет аумақтарын дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Көктал-1, Көктал-2, Комсомольский, Интернациональный, Достық, Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінде инженерлік желілер мен жол салу бойынша жобалар іске асырылуда. Осы жылдар ішінде 31 км инженерлік желі, сондай-ақ 6,2 км жол салынды.

Қазіргі уақытта Бөгенбай батыр даңғылындағы Уәлиханов көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі көлік айрығының жол өтпесін қайта құрудың соңғы кезеңі жүріп жатыр. Сондай-ақ елордада екі автомобиль көпірінің құрылысы аяқталуға жақын. Оң және сол жағалауды жалғайтын Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік ел даңғылын, Нәжімеденов, Байтұрсынов, Қошқарбаев көшелерін, Nova city ауданын, «Мыңжылдық» аллеясын байланыстыруға мүмкіндік береді. Теміржол вокзалына, Тельман, Промышленный елді мекендеріне, «Metro» гипермаркеті ауданына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне және т. б. қолжетімділік артады.

Тәуелсіздік даңғылындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа теміржол вокзалын, Әзірет Сұлтан мешітін, Нәжімеденов, Қошқарбаев даңғылын, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерін, сол сияқты Момышұлы даңғылын сол жаға­лауымен және т. б. қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button