Елорда тынысы

«Жасыл ел» жасағы қоқыс жинады

Нұр-Сұлтан қаласындағы Газаппаратура шағын ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағының қатысуымен plogging форматында қалалық сенбілік өтті. Астана күніне орай ұйымдастырылған сенбілікке қаладағы 85 мектеп оқушылары қатысты. Олардың арасында студенттер де бар.

[smartslider3 slider=3319]

 

– Бүгінгі тазалық іс-шарасы жалпысенбілік секілді өтті. Бірақ студенттер арасында plogging форматын ұйымдастырдық. Олар белгілі бір қашықтыққа жүгіріп, айналасындағы қоқысты жинап шықты. Бұл әдіс денсаулыққа және қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған, – дейді жоба жетекшісі Асылбек Абдурашитов.

Биыл «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XVIІІ еңбек маусымы басталды. Жоба аясында елорда бойынша 1500-ден астам 14-29 жас аралығында жастар жұмыспен қамтамасыз етілді. Олар әлеуметтік нысандарға, жалпы білім беретін мекемелер аумағына, саябақтарға, көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылған.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button