Жаңалықтар

Жұмыспен қамту жәрмеңкесі

1 тамызда «Железнодорожный» тұрғын үй алабында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесіп, әлеуметтік қорғау шаралары мен еңбек нарығындағы ахуал жөнінде ақпараттар ұсыну. 

Мұнда Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары түрлі мәселелер бойынша кеңес беріп, қайта оқыту және жаңа мамандық алу, оқу орындарының түлектеріне жастар тәжірибесінен өту мүмкіндіктері туралы түсіндіреді. Астана қаласы Еңбекті қорғау басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңес береді. Ал, Зейнетақы төлеу орталығының мамандары зейнетақы мен жәрдемақы алуға құжаттарды жинақтау тәртібі туралы айтады. Жәрмеңке Ж.Жабаев көшесінде орналасқан әкімдік ғимаратында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button