Жаңалықтар

Жұмысқа кедергі келтірмесін

Коммуналдық қызметтерге қар тазалау мерзімінде орамішілік аумақтарда, көшеде тұрған көліктердің кедергі келтіру жағдайлары жиі кездеседі.

[smartslider3 slider=1609]

Жақында Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерімен бірге қаладағы кәсіпкерлік нысандар иелерімен кездесіп, осы мәселе бойынша ұсыныстарын айтты.

Жол бойында орналасқан дәмханалар, ұйымдар мен кәсіпорындар, шағын және орта кәсіп нысандары иелерімен қалың қар жауған кезде жүк және жеңіл автокөліктерді қоюға олардың тұрақ орындарын пайдалану бойынша әңгіме жүргізілді.

«Мұндай орындарды пайдалану көшелерді қардан тазарту кезінде автокөліктердің арнайы техникаға кедергі келтірмей, жұмыс істеуіне ықпал етеді» дейді Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button