Денсаулық

ЖҮРЕГІҢІЗДІ ТЕКСЕРТІП АЛЫҢЫЗ

29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні. Осы күнге орай «Жүректі сақтаңыз» атты акциясы өтеді.

Егер күтімі дұрыс болса, адам жүрегі 150 жылға дейін жұмыс істеуге қауқарлы екен. Алайда қазіргі күні жұдырықтай болса да, қуатты жүрек соғысы «кепілдік мерзімінен» әлдеқайда ертерек үзілетін болды. Күллі әлемді алаңдатып отырған жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұму көрсеткіші елімізде де бірінші орында. Сондықтан дүниежүзін алаңдатып отырған дерттің алдын алу үшін адам ұдайы дәрігердің бақылауынан өтіп, тексеріліп тұруы керек. 28 қыркүйекте сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін Республика даңғылы, 45 мекенжайында орналасқан «Мечта» сауда үйінде өтетін акция да осы мақсатты көздейді. Дәл осы күні жұртшылыққа кардиолог мамандар тегін кеңес беріп, жүрегіңіз қалай соғып тұрғаны туралы айтып береді.

Сондай-ақ, мамандар қанның құрамын­дағы холестерин мен қант деңгейін анық­тайды, қан қысымын да өлшеп береді.

Мамандардың айтуынша, жүрек ауруы­на кінәлі – ең әуелі адамдардың өздері. Арақ-шарап пен темекіге үйірсектік, адам психологиясының дағдарысқа, стреске жиі ұшырауы, тағам режимінің бұзылуы, қозғалыстың аздығы – бәрі де жүрекке салмақ түсіріп, қан айналымын өзгеріске ұшыратады. Шектен тыс семiру де жүректiң дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп соғады. Семіздікке ұшырағандардың көпшілігі – жүрек-қан тамырлары дертіне душар болады. Сондықтан салауатты өмір салтын сақтап, тамақтану мәдениетін меңгерген жөн дейді ақжелеңділер.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button