Мәдениет

Журналистпен жүздесті

Елордадағы Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында белгілі журналист, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубаймен кездесу өтті.

Бір сағатқа созылған жүздесу ашық, еркін форматта өрбіді. Кеш жүргізушілері журналистен сұхбат алып, оқушылар сұрақ қойды. Қонақ өз мамандығы, шығармашылығы туралы әңгімелеп берді.

4-сыныпта оқитын Алияр есімді оқушы мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен бақыттысың…» өлеңін ерекше шабытпен оқыды. Кездесу Халықаралық кітап сыйлау күніне сәйкес келгендіктен, ол сол күні туған күні болған досына ақиық ақынның кітабын тарту етті. Төлен Тілеубай өз тарапынан Алиярға «Аласапыран Америка» атты тұңғыш кітабын сыйлады.

9-сынып оқушыларының арасында болашақта журналист болуды мұрат еткен балалар бар екен. Жиынға қатысқан мектеп директоры Жанар Өмірханқызы 9-сынып оқушысы Арунаға кездесу қонағының «Цифрлық жолайрық. Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» кітабын сыйлады.

Кездесуде балалар өлең оқып, ән шырқады. Оркестрмен күй күмбірлетті. Төлен Тілеубай журналистік қызметіне қатысты қызықты оқиғаларды айтып берді. Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектеп кітапханасына өз кітаптарын сыйлады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button