Мәдениет

Кітап қоры толықты

Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі елордадағы Орыс үйімен бірлесіп, Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ұйымдас­тырған «Махаббатпен кітап сыйлаңдар» апталығы аясында 1500-ден астам кітап жиналып, бас қала кітапханалары мен өңірлердегі мектеп­тер кітапханаларының қорын толықтырды.

Астанадағы №12 көпшілік кітапханаға 200-ден астам кітап тапсырылды. Сондай-ақ Астана, Атырау, Степногорск, Теміртау, Петропавл, Тараз қалалары мен Ақтөбе облысындағы мектеп кітапханаларына кітаптар жөнелтілді. Сонымен қатар сый ретінде қазақ және орыстың ұлы ақын, жазушыларының портреттері сыйға тартылды. Балалар ақыны Серікбол Хасан шараға қосылып, елордадағы №3 балалар кітапханасына кітаптар сыйлады.

– Белгілі қаламгер Асқар Сүлейменовтің «Жақсы кітап – ұлттың антологиясы» деген сөзі бар. Яғни кітап – ұлттық рухымызды көтеретін, ұлттық дәстүрімізді танып білетін, біздің тарихымызды танытатын, келешекке қалай қадам басу керек екенін үйрететін ақылшы досымыз, серігіміз. Адамзатты мейірімділікке, ізгілікке, адамгершілікке шақырады. Сондықтан кітап оқудан ешқашан қалыс қалмауымыз керек. Қазіргі уақытта қуанатынымыз, кітап нарығы дамып келе жатыр, кітап оқу мәдениеті бірте-бірте қалыптасып келе жатыр. Кітап ешқашан өлмейді, ешқашан ескірмейді, керісінше, уақыт өткен сайын құндылығы арта береді, – деді Серікбол Хасан.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button