#Жаңа Қазақстан
Отандастар дауыс береді
Қазақстандықтар Президент сайлауында Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбы қалаларында дауыс бере алады.
Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 «А» мекенжайы бойынша Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ғимаратында №265 сайлау учаскесі, Санкт-Петербург қаласында – Рылеев көшесі, 10, №290 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оған 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары барып дауыс беруге қатыса алады.
Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында Қазан, Астрахань және Омбы қалаларындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарының жанындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады.