Шаһар шаруашылығы

Жаңа адамдар қолтаңбасы

Қазақстан халқының бірлігі күнінде «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері өз қолтаңбасын қалдырды. Елордадағы «Серуен» жаяу жүргіншілер көпіріне «Бірлік көпірі» мадоннариін салды.

Каллиграф Тамерлан Кияров бір суретке Қазақстанда тұратын 50 этникалық топтың атын біріктірді. 7 метрлік кескіндер Қазақстан халқының көп мәдениеттілігі мен бірлігін бейнелейтін шеңберлерден тұрады. Композиция­ның ортасында жаңа, әділ Қазақстанның қағидаттарын еске салатын «Бірлік» және «Ынтымақ» сөздері жазылған. Бұл бір шаңырақ астында, бір дастарқан басында, бәріміз бірге өмір сүре аламыз дегенді білдіреді. Сондықтан да, мадоннари шеңбер түрінде бейнеленген.

Жаңа арт-объект елорда тұрғындары мен қала қонақтарының тартылыс нүктесіне айналады, сондай-ақ жастардың мәдени, саяси және шығармашылық дамуына ықпал етеді деп сенеміз» дейді «Жаңа адамдар» ұйымының белсендісі Алина Сидоренко.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button