Шаһар шаруашылығы

Кедергілерді бағындырды

Елордадағы «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған ат спортының конкур түрінен «Халықтар бірлігі» кубогына арналған гран-при өтті.

Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бахтияр Масанов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұл сында Алматы, Астана, Қарағанды қаласы мен Алматы облысынан шалт қимылдайтын 50-ге тарта шабандоз өнер көрсетті.

Сәйгүліктер үш бағдарламада сынға түсті. Яғни қатысушылар 110, 120 сантиметрлі кедергіден атпен қарғып өтіп, биіктікті бағындырды. «Халықтар бірлігі» кубогына таласқандар 130 сантиметр болатын кедергілерден мүлтіксіз өтуі керек болды.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарыстың жалпы жүлде қоры 12 000 000 теңгені құрады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button