Шаһар шаруашылығы

Этнос өкілдері ағаш екті

Қазақстан халқының бірлігі күні аясында «Триатлон» саябағында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі түрде ағаш отырғызылып, саламатты өмір салты насихатталды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессия­сының отырысында саяси модернизациялау және этносаралық халықтың бірлігі жолында рөлін атап өткен еді. Міне, бүгін сол шара жалғасын табуда. Бүгінгі күнге орай алғаш рет ұйымдастырылып жатқан жүгіру жарысы барлығымызға жақсы көңіл күй сыйласын!» деп іс-шара барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Жарысқа 300-ден астам әуесқой спортшы жиналып, 500 метрге және 2, 5 шақырымға жүгірді. Салтанатты іс-шараның соңында барлық қатысушы арнайы медальдармен марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button