Мәдениет

Орыс театры шымылдығын ашты

Елордадағы ғасырлық тарихы бар, байырғы мәдени орда – М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры 122-театр маусымының шымылдығын түрді. Жаңа маусым кеңес жазушысы, режиссер В.Шукшиннің әңгімелерінің негізінде қойылған «Светлые думы» спектаклімен ашылды.

Театр жыл сайын жаңа маусымын белгілі бір тақырыпқа арнайды. Биылғы 122-маусым тәжірибесі мол, білікті мамандармен толықты. Нақты айтсақ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері ұжымға қосылды. Республикамыздың бірнеше облыстарынан келген жас актерлер жаңа маусымның жұмысына етене араласуда.

– Жаңа маусымды жаңа леп, жаңа көзқараспен ұсынбақпыз. Себебі біз­дің ұжым гастрольдік сапармен биыл Қостанай қаласында болып, 4 күнде 10 қойылым көрсетті. Одан кейін актерлер Ресейдің Пермь қаласында Мартин МакДонахтың шығармашылығы бойынша Халықаралық театр фес­тиваліне қатысты. Онда «Человек-Подушка» спектаклі ұсынылды. Осындай іс-сапарлардың берері мол. Театрдың тынысы ашыла түсті деп ойлаймын. Жалпы біздің театр өзгелердің репертуарында ұзақ тұрмайтын қойылымдарды қоюымен ерекшеленеді, – деді М.Горький атындағы орыс драма театрының директоры Ернар Жұматаев.

Айта кету керек, театр әртістері Ресейдің «Үлкен гастрольдер» бағдарламасына қатысып, Новокузнецк қаласында өткен іс-шарада әртүрлі жанрлардағы бес спектакльді көрерменге тарту етті.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button