Шаһар шежіресі

Тың игерушілер сарайы құрылысы

1963 жылдың қыркүйек айы. Целиноград қаласындағы Тың игерушілер сарайының құрылысы жүріп жатқан кез. Байырғы қала тұрғыны Валерий Киценконың айтуынша, бұл сарайдың ішкі әрлеу-ажарлау жұмысының аяқталар тұсы болса керек.

«Мен ол кезде 13 жасар жасөспірім едім. Күнде сабақтан қайтқанда осы көздің жауын алатын сәнді ғимараттың қасынан өтеміз. Біз оның болашақта шаһардағы ең үлкен мәдени орталық болатынын білеміз. Сондықтан балалық қызығушылығымыз оянып, кейде терезеден құрылыстың ішіне де үңіліп өтеміз. Сол кезде құрылысшы ағайлар бізге «жақында ашылады, сонда көресіңдер, қазір аулақ жүріңдер» деп ұрысып тастайтын. Айтқандай, көпшілік асыға күткен Тың игерушілер сарайы ғимараты сол жылы, дәлірек айтқанда, 1963 жылдың қараша айында пайдалануға берілді» деп еске алады ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button