Шаһар шежіресі

Есілдегі балалар жағажайы

Целиноград қаласы. 1985 жылдың шілде айы. Байырғы қала тұрғыны Валерий Киценко қызы Наташамен бірге суға ­шомылуға Есіл өзеніндегі жағажайға келіпті.

Осы кезде елмен бірге ыстықтан қорғанып, суға шомылып жатқан оларды күйеу баласы Игорь көпірдің үстінде тұрып суретке түсіріп алыпты.

– Бұл енді балалардың жаз бойы суға түсіп, күнге күйіп, ойнайтын шаһардағы жалғыз орны еді. Сондықтан біз оны «балалар жағажайы» деп атайтынбыз, – деп еске алады Валерий ­Сергеевич.

Қазір, әрине, заман өзгерді. Астана қаласында рұқсат етілген үш жағажай бар. Бірақ оларға кіру ақылы болғандықтан, балалар тек ата-анасымен немесе үлкендерге ілесіп келіп шомыла алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button