Руханият

Өнерлі жұптар жарысты

Елордада Халықаралық отбасы күні мен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай республикалық бағыттағы мәдени ошақтар мен Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері арасында «Жұбымен бірге» атты өнерлі отбасылардың спорт жарысы өтті.

Сайысқа жеті өнер ордасынан жұптар қатысты. Бұл Қ.Қуаныш­баев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, Музыкалық жас көрермен театры, Астаналық цирк, «Наз» мемлекеттік би театры, Астана қаласы орталықтандырылған кітап­ханалар жүйесі және Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрындағы жұптар. Қорытындысында Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры – Нұржігіт Мүсілімов-Айдана Құрашева 3-орын, Астаналық цирк – ­Наталья Румянцева-Ғабиден Еркінбек 2-орын, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры – Олжас Ибраев-Жұлдыз Ибраева бірінші орынды иеленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button