Жаңалықтар

Астанада игерілмеген қанша жер телімі бар? Иелігіндегі жерді игере алмай жатқан адамдарға қандай әкімшілік шаралар қолданады?

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев игерілмеген жер учаскелерін мемлекет мен­шігіне қайтару, рұқсат етіл­меген қоқыс орындарын болдырмау және құ­рылыс алаңдарындағы қо­қысты уақытылы шығару мәселелері жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекітті.

1430383420_8147429dfb67936a64110b0d66a4493f_800x600

Бекітілген іс-шаралар аясында елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төраға­лығымен отырыс өтті. Оған иге­рілмейтін жер учаскесінің 400 жуық иесі қатысты.

Елорда басшысының бірінші орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, ескерту жасалғаннан кейін бір жылдың ішінде игеріл­меген жер учаскелері бойынша сотқа мәжбүрлі түрде алу бойынша талап-арыз ұсынылады.

2012-2016 жылдары аралы­ғында елорда әкімдігі прокуратура органдарымен бірге, қала аумағындағы игерілмейтін жалпы ауданы 16 мың га 1084 жер учаскесі анықталды. Соның ішінде қабылданған шаралардың нәти­жесінде жалпы ауданы 6 мың га 265 игерілмейтін жер учаскесі (соның ішінде: жалпы ауданы 5,2 мың га 88 ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскесі, ауданы 0,8 мың га 177 коммерциялық нысан) мемлекетке қайтарылды.

Бұған дейін пайдаланылмай келген ауданы 4,4 га жер учаскесі (соның ішінде: ауданы 4 мың га ауыл шаруашылық мақсаттағы 54 жер учаскесі, ауданы 0,4 мың га 286 коммерциялық нысан) игеріле бастады.

Сондай-ақ, ауданы 5,6 мың га 479 жер учаскесі бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін қайтаруды қамтамасыз ету бо­йынша Жол картасы әзірленді. Құжат аясында барлық пайдаланылмайтын жерлердің иелеріне бір жылдың ішінде жерді мақсатты пайдалану қажеттілігі туралы ұйғарым берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button