Sport

«АСТАНАНЫҢ» СӘТТІ БАСТАМАСЫ

Елордадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде ВТБ бірыңғай лигасының кезекті маусымы басталды. «Астана» бас­кетбол клубы Саратов қаласынан келген «Автодор» командасын қабылдады.

56643f5a15aec

Өліспей, беріспеген кез­десудің тағдыры соңғы айналымда шешілді. Қос команда бірінші кезеңде терезе тең ойын көрсетті. Есеп – 25:25. Екінші кезеңде де ойын осылай өрбіді десек болады. Нәтиже – 18:20. Үшінші кезеңде алға ұмтылған қонақтар 16:19 есебімен сәл басымдық танытты.

Ал соңғы кезеңде алаң иелері барынша жинақы ойнап, жеңісті жұлып кетті. Жалпы есеп – 83:78.
Сөйтіп, «Астана» турнирді сәтті бастады. Елордалық ко­манданың сапында ең жақсы нәтиже көрсеткендер – аме­рикалық Иан Миллер мен Усман Крубалли.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button