Жаңалықтар

7 мың жасөспірім сап түзеді

Кеше балаларды қорғау күніне орай Астанада балалар мен жас­тар музыкалық оркестрлерінің және ан­самбль­дерінің шеруі болды.

Мерекелік шараға мектеп оқушылары мен колледж сту­денттері, музыкалық мектеп, өнер мектебі, Оқушылар сарайы тәрбиеленушілері және ҚазҰӨУ студенттері қатысты. Шара барысында 7 мыңға жуық жасөспірім Абай, Респуб­лика даңғылдары мен Кенесары көшесінің бойымен сап түзеп жүріп өтті. Балалар мен жастардың музыкалық мә­де­ниетін дамытып қана қой­май, олардың өз білім меке­месіне деген мақтаныш сезімін ояту, республикалық білім мекемелерінің абыро­йын көтеру мақсатында өткен шара­ның ерекшелігі әр колонна түрлі музыкалық жанр түрінде қаланың төрт ауданын бейнеледі. Мысалы, Байқоңыр ауданы жаңашылдық пен даму энергиясын көрсетсе, Сарыарқа ауданы фольклорлық әуенді шырқады. Ал Алматы ауданы ұлы музы­канттардың өш­пес туындыларын орындап, классикалық әуенді әуелетсе, Есіл ауданы эстрадалық музы­каға кезек берді. Қызықты репертуарлар мен әртүрлі музыкалық аспаптар, қатысушылардың киім үлгілері – барлығы балалар мерекесін ұмытылмастай етіп, ерекшелей түсті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button