Жаңалықтар

Абзал есімдер ардақталды

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы, Е.Манаев атындағы қа­йы­рымдылық қор, «Ақ Орда» республикалық қо­ғамдық бірлестігі, Қа­зақ­стандағы Әзербайжан мәдени ор­талықтарының бірлестігі және «Жас Отан» жас­тар қа­наты Астана қала­лық филиалы бірлесе Жеңіс күні мере­кесіне орай «Тағам» мейрамханасында «Өшпейді абзал есімдер» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

Шара барысында қонақтарға дас­­тарқан жайылып, №3660 әскери бөлімі ансамблінің хоры ән шыр­қады. Сонымен қатар, Энергетика
және байланыс колледжінің сту­денттері шағын сахналық кө­рі­ніс пен концерттік бағдарлама ұйым­дастырды.

Ербол ЖАНАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button